Зарина Диас Жапониядағы ITF турнирінде ширек финалға шықты

Жарыстың екінші айналымында отандасымыз турнирдің бірінші ракеткасы ресейлік Марта Сироткинаны 7:6(8:6), 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Келесі турда ол қытайлық теннисші Чжень Сайсаймен күш сынасады. Аспанасты елінің тумасы өз кезегінде ұлыбританиялық теннисші Мелани Саутты 6:3, 7:5 есебімен жеңген болатын.