Зарина Дияс әлемдік рейтингте 2 сатыға жоғарылады

Ол осы аптада Дубайдағы жарыстың үшінші кезеңіне дейін жеткені үшін рейтингіне 105 ұпай қосылды. Қазір Дияста 1495 ұпай бар. Ол енді 23 ақпанда басталатын Qatar Open жарысына қатысады.

Алғашқы кезеңде тунистік 20 жастағы Унс Жабирмен (127) кездеседі. Оны жеңсе, германиялық Андреа Петковичпен (10) ойнайды. Дияс пен Петкович өткен аптада Дубайдағы жарыстың екінші айналымында ойнап, қазақ теннисшісі екі сетте жеңіске жеткен.

Рейтингке қайта оралсақ, Ярослава Шведова 53-орыннан 52-орынға жоғарыласа, Юлия Путинцева 110-орыннан 112-орынға сырғыды.


Ерлер рейтингінде Михаил Кукушкин 57-ден 58-орынға төмендеген. Ал Андрей Голубев - 81-орыннан 108-орынға, Александр Недовесов 116-орыннан 131-орынға бір-ақ түсті.

Андрей Голубев 23 ақпанда басталатын Дубайдағы жарысқа қатысады.