Зарина Дияс әлемнің 4-ші ракеткасымен күш сынасады


Зарина WTA аясында өтетін турнирді бірінші айналымнан бастайтын болады, оның қарсыласы әлемнің 4-ракеткасы украиналық Элина Свитолина. Айта кетейік, «Hong Kong Tennis Open» турнирінің жалпы жүлде қоры 500 мың АҚШ долларын құрайды. Бәсеке 7-15 күні аралығында Гонконг қаласында өтеді. Еске сала кетсек, Зарина Дияс жаңарған WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 37 орын жоғарылап, 63-орынға табан тіреді.