Зарина Дияс Азияның бірінші ракеткасы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс WTA рейтингінде Азияның үздік теннисшісі атанды, деп хабарлады Vesti.kz.

Әйелдер теннис қауымдастығының жаңартылған рейтингінде 21 жастағы З.Дияс 33-ші орыннан 34-ші орынға түсті. Қытайлық теннисші Пэн Шуай 32-ші орыннан 38-ші орынға түсіп, Дияс WTA рейтингінде Азияның бірінші ракеткасы атанды.

Азияның бірінші ракеткасы атағына біраз уақыттан бері 2014 жылы қыркүйекте мансабын аяқтаған қытайлық теннисші Ли На ие болған.