Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды


Вашингтонда өткен турнирдің нәтижесінде З.Дияс аталған рейтингтегі 53-ші орнын сақтап қалды. Оның қоржынында 1019 ұпай бар. Ал 1017 ұпайы бар Я.Шведова 2 саты төмен түсіп, 54-ші орынға тұрақтады.

Бұл рейтингте Галина Воскобоева 119-шы, Юлия Путинцева 164-ші, Сесиль Каратанчева 173-ші орында тұр. Айта кетерлігі, рейтингте америкалық Серена Уильямс көш бастап келеді. Ал екінші орында қытайлық Ли На болса, үздік үштікке румыниялық Симона Халеп та енген.