Жартылай финалда Зарина Дияс өзінің бұрынғы жерлесі, қазір Ресейдің туы астында өнер көрсетіп жүрген Ксения Первакті жеңді. Ойындағы есеп 20 жасар қазақстандық теннисшінің пайдасына 6:1, 3:1 болып тіркелген кезде, Первак ары қарай ойнаудан бас тартты. Бұның алдында Зарина Дияс үш қытайлық спортшы - Яфань Ванді (6:3, 6:3), Шилинь Сю (6:1, 6:2) мен Ван Цянді (6:4, 1:6, 6:1) жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.