Зарина Дияс Шэньчжэньдегі турнирде Мария Шараповадан тағы да жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Шэньчжэньдегі (Қытай) турнирдің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлады Sports.kz.

Дияс ширек финалда WTA рейтингінде 59-орында тұрған ресейлік Мария Шараповадан 6:3, 6:3 есебімен ұтылып қалды.Шарапова енді чехиялық Катерина Синякова – Кристина Плишкова жұбының жеңімпазымен кездеседі.Дияс жеке сайыста Шараповаға осымен үшінші рет есе жіберді.Шэньчжэньдегі турнирде Зарина Дияс француз Полин Пармантье (6:3, 6:4) мен қытайлық Чжан Шуайды (6:3, 6:7, 6:4) ұтқан болатын.