Зарина Диястың ITF Wenshan турнирінің ақтық финалына шығуға мүмкіндігі бар

Ол ертең хорват Ани Мижацикамен шеберлік сынасады. Зарина қазір ұлттық рейтингте екінші, ал Бүкіләлемдік теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде 153-сатыда тұр. Қарсыласы WTA рейтингінде 389-орынға табан тіреуде.

Зарина ширек финалда алғашқы айналымда ұлттық рейтингтің көшбасшысы (WTA рейтингінде 329-шы) Галина Воскобоеваны (6:1, 7:6) жарыс жолынан шығарған жапондық Кумико Ильзимоны (6:0, 6:0) тізе бүктірді. WTA рейтингінде 209-орында тұрған Кумико өткен аптада ITF Kunming турнирінде де 6:3, 6:4 есебімен жеңліс тапқан болатын.

Жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайтын бұл турнирде З. Дияс алғашқы кезеңде WTA рейтингінде 245-орындағы жапондық Руоко Фуданы (6:0, 6:2), екінші айналымда WTA ретингінде 237-сатыда тұрған кореялық Со-Юнг Кимді ( 6:4, 6:2) тізе бүктірген еді.