Қуанышты күннің фотолары facebook желісінде жарияланды, деп жазады Stan.kz.
“Аллаға шүкір. Заттыбек ағамның ұлы Бихан батырды ел болып күтіп алдық”, – деп бөлісті Берік Сұлтан есімді желі қолданушысы.
Суретке қарап, Заттыбектің бұл күнге барынша дайындалғанын байқауға болады. Әнші арнайы ақ түсті көлік пен әнші-жыршылар, балалар жақсы көретін кейіпкерлер жалдаған.
Айтпақшы, Көпбосынұлының қуанышын бөліскен жақындарының қатарында белгілі актер Нұржан Төлендиев те бар.