З.Дияс аса тартысты кездесуде А.Петковичке есе жіберді

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, аса тартысты өткен матчтың бірінші партиясын 7:5 есебімен Зарина ұтса, екіншісінде неміс теннисшісі басымдылық көрсетті (6:2).  Үшінші, шешуші партияда А.Петкович 6:4 есебімен жеңіске жетіп, бұдан бір апта бұрын Дубайда Заринадан жеңіліп қалғанының қарымтасын қайырды. Дегенмен бұл ойын қазақ теннисшісінің әлемнің үздік ойыншыларымен терезесі тең дәрежеде тайталаса алатынын көрсетті.

Енді ширек финалда А.Петкович әлемнің тоғызыншы, осы турнирдің бесінші ракеткасы, ресейлік Екатерина Макарованы үш партияда ұтқан чехиялық, дүниежүзілік рейтингте 15-інші сатыдағы Люси Шафаржовамен кортқа шығады.


Айта кетейік, Дубайда ерлер арасында өтіп жатқан ірі турнирде қазақстандық Андрей Голубев екінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичтен жеңіліс тапты.