Істі қарап жатқан судья Еркін Майшинов қылмыстық іс материалдарын зерттеу барысында сараптама нәтижелерін оқып берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Тексеру кезінде Zeekr көлігі мемлекеттік нөмірсіз болған. Дерекқорда оның нөмірі 009JET ретінде көрсетілген.
Судьяның айтуынша, бұл көлік заттай дәлел ретінде тәркіленген және қылмыстық іс аяқталғанға дейін оның сақталуы қамтамасыз етілген.
Тұрақ аумағында жүргізілген тексеру хаттамасына сәйкес:
Сондай-ақ медициналық сараптама айыпталушының көптеген ауыр жарақат алғанын растаған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, Александр Пактың денесінен мынадай жарақаттар анықталған:
Бұған дейін жәбірленуші тараптың жаңа адвокатының қатысуына байланысты Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы кейінге шегерілген болатын.