Зейін Әліпбектің есімі Қазақ телевизиясының тарихына алтын әріптермен жазылып жатыр - Қымбат Досжан

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Қазақ радиосының бас редакторы Қымбат Досжан желідегі парақшасында әріптесі Зейін Әліпбекке құттықтау-тілек жазды. 

"Орысбек деген көкем болды менің, сол кісі айтатын: “Қымбатжан,сен Валерий Леонтьев секілді еңбекқорсың, ол да өз күшімен ешкімнің кланына қосылмай келе жатқан творчество адамы, әріптесің Зейін Әліпбек те сондай еңбекқор, екеуің ұзаққа шабасыңдар”- дейтін марқұм көкем. Расында Зейін Әліпбек есімі Қазақ ТВ сының тарихына Алтын - күміс әріптермен жазылып жатыр. Оған ешкімнің таласы жоқ. Туған күніңмен Зико! Ләззат келінімізбен күшті, мықты, қызықты өмір сүріңдер".