Зейнетақы активтерін БЗЖҚ-на беру белгіленген мерзімнен ерте аяқталады

«Барлық зейнетақы қорларында аудит жүргізу керек болды. Бұл әр қорға кем дегенде 2-2,5 ай уақыт кететінін көрсетіп берді. Сондықтан 9 қордағы активтерді БЗЖҚ-на 1-маусымға дейін емес, 1-сәуірге дейін аударып болуымыз керек», - деп сенаттың бейсенбідегі отырысында Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқов мәлім етті.

Оның айтуынша, қазір үш қор дайын, екеуі аквтивтерін БЗЖҚ-на өткізді.


БЗЖҚ 2013 жылдың 22-тамызынан бері жұмыс істеп жатыр.

Қазір Қазақстандағы зейнетақы жинақтау қорларында 3 трлн 568 млрд 400 млн теңге шоғырланған.