Десек те, шенеуніктер бұл өзгерістен жалақы азаймайды деп уәде етті. Жұмыс берушілер сол 5 пайызды еңбекақыдан жыратын болса, ірі көлемде айыппұл салынбақ. Бір анығы - 2018 жылдан бастап зейнетақыға үш тарап: мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың өзі жауапты. Бұл барлық Еуропа елдерінде бар тәжірбие. Әдеттегі 10 пайызға тағы 5 пайыз қосылған салым қарттықтың қамсыз өтуіне тиімді болмақ. Бұл заң қабылданбаған жағдайда бюджеттің түсімі 64 миллиард теңгеге азаятынын да айта кетейік.
Loading...