«Қылмыстық іс Теміртау қаласында тұратын зейнеткердің арызы негізінде қозғалды. Жәбірленуші полицейдің әрекетінен денесі зақымданғанын айтады. Қазір бұл мәлімет тексеріліп жатыр», - деп хабарлайды ІІД ақпарат басқармасы жетекшісі Жаңатай Сембеков.
68 жастағы жәбірленушінің айтуынша, полицей оны азық-түлік дүкенінің алдындағы ұрыс-керіс кезінде итеріп жіберген. Салдарынан зейнеткердің миы шайқалған көрінеді.