Caravan Logo

Зейнеткерге әлімжеттік жасағандар жазасын алды


Зейнеткерге әлімжеттік жасағандар жазасын алды

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, оқиға былай болған. Күндіз беттеріне бетперде киген үш адам зейнеткерлердің үйіне баса-көктей кіріп, оларды пышақпен қорқытып, ұрып-соғып, байлап тастайды. Жәбірленушілердің ақша сақтайтын жерін күшпен біліп алған қылмыскерлер 14 мың теңге мен 7 мың АҚШ долларын иемденіп, ізін суытады.

«Іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдіктілер құрықталды. Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді ІІМ баспасөз хатшысы.