Зейнеткерлер, мұғалім, дәрігерлер мен студенттер 2-3 мың теңгеге байып шыға келді


Тамара Дүйсенова,  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Осылайша, зейнетақы, әлеуметтік төлемақыны арттыруға қосымша 116,9 млрд теңге көзделді. Заң жобасы Мәжілісте және жұмыс тобында талқыланып, мақұлданды. Қолдауларыңызды сұраймын.

Сенатқа келіп сызылған Еңбек министрінің сөзін депутаттар жерде қалдырған жоқ. 4 миллионға жуық адамның қалтасын қампайтатын құжатты ың-шыңсыз қабылдап жіберді. Ал заң жобасын талқылау кезінде, халық қалаулылары әлеуметтік төлемдерді 50 пайызға көтеруді сұраған. Алайда, министрлік онсызда бюджеттен қосымша 116 миллиард бөлінді, оған «шамамыз жетпейді» деп шорт кесті. Бір қызығы аз қамтылған топтың «кірісі көбейтілді» дегенімен ол бар болғаны 2-3 мың теңгеге өсіп отыр. Зейнетақы да еңбек өтіліне қарай  осыншама сомаға көтерілген. Тек Кеңес Одағының батыры деген атағы бар елімізде қалған 5 соғыс ардагерінің зейнетақысы 229 мыңнан 256 мыңға дейін өскен.