Газет ақапаратына сәйкес, "Аман-саулық" қорының қоғамдық қабылдауына келіп түсіп жатқан азаматтардың өкпе-наз, өтінішінің 30% зейнетақыны дұрыс есептеу жайында. "Өз сауалнамаларында қариялар тіпті тамаққа да ақшалары жетпейтінін, ал дәрі-дәрмек және коммуналдық қызмет төлемдері секілді басқа да сұраныстар жайлы олар тіпті үн қатудан аулақ", -делінген мақалада.
Зейнеткерлердің небәрі 55% ағза үшін калий көзі болып табылатын кептірілген жемістерді жей алады. Тек 66% жеміс жейді, бірақ олардың тұтыну мөлшері қажетті 3,3 килограмның орнына 2,4 килограмм ғана. "Сауалнамаға қатысқандардың небәрі 27% апельсин алуға шамасы жететінін айтса, жаңа піскен жеміс жей алатындары бар болғаны 22%. Сауалнамаға қатысқан зейнеткерлер орта есеппен 2,4 килограмм ет тұтынады. Ал қажетті шама 3,3 килограмм. Тіпті еттің орнына базардан қалған-құтқан сүйек-саяқтарды сатып алып қағажу ететін қарттар да бар.