Қаңтар айында әлеуметтік желілерде қорқынышты ақпарат тарала бастады. Telegram желісінде тараған хабарламаларда Алматы қаласындағы мектептерге террористік шабуыл жасалады делінген. Аталмыш оқиғадан кейін полиция департаменті бұл ақпараттың жалған екенін растады. Соған қарамастан ата-аналар балалары үшін алаңдап, балаларын білім ордасына жіберуге қорқып отыр. Caravan.kz медиа порталы қазіргі ұсынылған шаралар туралы толық тарқатады.
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза білім беру ұйымдары орналасқан аудандарда патрульдеуді күшейтуді ұсынды. Tengrinews.kz жазғандай, депутат мұндай оқиғалар кешенді әрі тиімді шаралар қабылдаудың қажеттігін көрсетіп отыр деп санайды.
Депутаттың айтуынша, бұл шаралар трагедиялық жағдайлардың алдын алу үшін білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті нақты, формалды емес түрде күшейтуге бағытталуы тиіс.
Самат Нұртазаның сөзінше, қазіргі таңда көптеген мектептер мен балабақшалардағы күзет тек қағаз жүзінде ғана бар. Іс жүзінде оқу орындарын көбіне зейнет жасындағы адамдар күзетеді, себебі жалақының төмен болуына байланысты білікті мамандарды тарту қиын.
Сонымен қатар, мектептер мен балабақшалардың басым бөлігінде металл іздегіштер мен тыйым салынған заттарды анықтауға арналған басқа да техникалық құралдар мүлде жоқ.
Ұсыныстар:
Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін мектептерге 95 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Барлығы 2655 нысан тексеріліп, 1 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. 340 басшы жауапкершілікке тартылды.
Сол жылы Қазақстанда мектептер мен колледждердегі қауіпсіздік стандарты қабылданды. Бұл құжат ведомстволық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан, мектептік, білім беру және кәсіби ұйымдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезіндегі күзет қызметіне қойылатын жалпы талаптарды бекітті.
Стандартқа сәйкес, әрбір мектепте полиция шақыруға арналған дабыл түймелері болуы тиіс. Мұғалімдер мен оқушылар саны 700-ден асатын ірі оқу орындары жеке күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасуға міндетті. Бұл физикалық күзетті де, дабыл белгісі түскен жағдайда жедел шығатын ұстау тобының болуын да қамтиды.
Мектеп күзетшісі бола алатындар:
Мектеп күзетшісі бола алмайтындар: