Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Украина басшысының ресми сайтында "Үрейленбеңіз. Украинаға және әлемге сеніңіз" атты жазба жарияланды.
Зеленскийдің айтуынша, ақпараттық кеңістік "дәл ертең" басталуы мүмкін Ресеймен ықтимал қақтығыс туралы хабарламаларға толы. Президент бұл "тәуекелдер" бұрыннан бар екенін және одан бері ұлғая қоймағанын айтты. Ол украиндарды үрейленбеуге және жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
"Соғыс жүріп жатқанына сегізінші жыл болды, қазір дүрбелең туғызып, жағдайды ушықтыратын, қарақұмық пен сіріңке сатып алатын уақыт емес", - деді мемлекет басшысы.
Ол украиндарды, әсіресе қарттарды "сабырға", ал БАҚ-ты жаппай дүрбелең туғызу құралына айналмауға шақырды.
Президент Украина "соғысты қаламайды, бірақ оған әрқашан дайын болуы керек" деп айтты.
"Біз бәрін білеміз және бәріне дайынбыз, бірақ оны болдырмас үшін бәрін істеп жатырмыз. Біз мұны дипломатия арқылы шешу үшін бәрін жасап жатырмыз. Не істеу керек? Тек бір нәрсе - сабырлы болу керек", - деп қосты Зеленский.
Ол елдің қорғаныс қабілетін ұдайы нығайтып жатқанын, әскер күн сайын бәріне дайын екенін айтты.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Украина президенті Владимир Зеленскийге егер Ресей Украинаға басып кіретін болса, Вашингтон мен оның одақтастары "жауап береді" деп уәде еткен болатын.