Зеренді ауданында шаруалардың қысқа жинаған 600 тонна шөбі өртеніп кетті


Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады. 

ТЖД мәліметі бойынша өрт 1-ші қазан күні түнгі уақыт 04:13 минут шамасында орын алған. 
Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 14-ӨБ жеке құрамынан 5 адам мен 1 арнайы өрт сөндіру техникасы, ауылдың 10 тұрғыны жұмылдырылды.
Өрт жалмаған жерде тұрған екі «Джон-Дир» комбайндары дер қауіпсіз жерге апарылды.