Зерттеу барысында олар ер адамдардың айнаға орташа есепппен алғанда күніне 23 рет, ал әйелдер - 16 рет қарайтынын анықтады. Бұл ретте, нәзік жандылар айнаға негізінен барлығы дұрыс па деп тексергісі келіп, кемшіліктерді іздеу үшін қараса, ер адамдар айнаның алдынан өздеріне сүйсініп қарау үшін тұрған, деп баяндайды The Hindustan Times.
Ер адамдар айнаның алдында күніне 10 минутқа жуық уақыт тұрған, бұл жылына 6 күнді құрайды. Өздеріне сенімді респондеттердің 11 пайызы айнаға күніне 30 реттен көп қараған. Сұрау жүргізілген ер адамдардың 76 пайызы сүйікті дене мүшелері ретінде қолдарын айтса, 54 пайызы - аяқтарын, 49 пайызы - жымиғанын, 43 пайызы - көздерін, ал 38 пайызы - шаштарын атаған.
Еркектердің 82 пайызы сыртқы келбетіне көп мән берген. 67 пайызында үш не одан да көп косметикалық зат болды. 34 пайызы жүретін қыздарының немесе отбасы мүшесінің косметикалық заттарын пайдаланғанын мойындаса, 9 пайызы әйелдерге арналған косметиканы тұрақты түрде пайдаланғанын айтты.