Зерттеушілер: Ғаламторға тәуелділік адамның иммундық жүйесін әлсіретеді

Қатысушылардың шамамен 40%-ында ғаламторға тәуелділік байқалған. Ғаламторға тәуелділігі жоғары еріктілер суық тиюмен және тұмаумен өзгелерге қарағанда 30% жиірек ауырған, деп жазды The Daily Mail.

Интернетке тәуелді жандар желіге шықпай қалса күйзеліп, салдарынан олардың ағзаларындағы кортизол деңгейі өзгереді екен. Ал кортизол иммунндық жүйеге әсер етеді.


Онымен қоса, ғаламторға тәуелді адамдар таза ауада аз серуендеп, өзге адамдармен аз араласады. Бұл да иммунитетке теріс әсерін тигізеді. Сондай-ақ мұндай адамдар аз ұйықтайды, дұрыс тамақтанбайды, спортпен аз шұғылданады, темекі шегіп, алкогольді көбірек пайдаланады.