Жабайы құсты атам деп жаңа туған сәбиді атып алды

Кешқұрым уақытта оқ даусы шыққан кезде бүлдіршін  әкесінің қолында ұйықтап жатқан. Аңшы мылтығынан шыққан оқ баланың басына кіріп, көзінен бір-ақ шыққан. Баласын  ұйықтатып жатқан әке алғашында не болғанын  түсінбей, абдырап қалады. Кейін ол есін жинап, шақалақты дереу ауруханаға апарады.

Сәбидің жағдайы өте ауыр болғандықтан дәрігерлер оны дереу жансақтау бөліміне жатқызған. Бүлдіршіннің тәтесінің айтуынша, баланың көзі оның өмірін құтқарып қалған. «Иә, көзі болмағанда оқ оның миында қалып қояр еді. Қазір оның бір көзі көрмей қалды. Ал сәбидің ата-анасы аңшыны кешірді», - деді ол.

Полицейлердің айтуынша, оқ Айверсон отбасының жекеменшік жерінде атылған. Алайда олар аңшыға ешқандай шара қолданбайды, өйткені аңшының бұл аймақта жүруге болатын рұқсат қағазы бар екен. Сондықтан бұл қайғылы жағдай ретінде ғана тіркелді.