Жәбір көрсетті деп айыпталған елу шақты полицей сотталды

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев мәлім етті.

«Халықтың полицияға деген сеніміне селкеу түсіретін проблеманың бірі болып табылатын жәбірлеу фактілері тыйылмай отыр (...). Прокурорлар осындай фактілерге сүйене отырып, өткен жылы 52 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық істі сотқа жеткізді. Оның 46-сы сотталды», - деді ол жұма күні президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Н.Исаевтың айтуынша, қазір осыған ұқсас фактілер бойынша тағы 19 қылмыстық іс тергеліп жатыр.