"Жағаға орала алмаған": Алакөл көлінде үш ер адам құтқарылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін Ақши ауылында Алакөл жағалауынан 12 шақырым жерде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері кеме қозғалтқышының ақауы салдарынан қайтып орала алмаған 3 адамды құтқарып, жағаға шығарды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері.

Құтқарушылар ер адамдардың медициналық көмекке мұқтаж болмағанын хабарлады.