"Кеше Ресей Украинаның Днепр қаласын құрлықаралық баллистикалық ракетамен атып көрді" деп әлемдік БАҚ шулап жатыр, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Путин болса, бұның жәй ғана "Орешник" деген жаңа ракета екенін айтып отыр.
РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова. Машаға "ракета туралы жұмған аузыңды ашпа" деген тапсырма беріліп жатыр.
Бұның бәрі тегін емес.
Президент Тоқаев түнде Премьер Министрге, Президент Әкімшілігі басшысына, бүкіл күштік құрылым басшыларына және барлық әкімдерге "Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қатаң қадағалап, қажет шараларды шұғыл қабылдауды тапсырды.
Бұл жайлы ҚР Президентінің Кеңесшісі және баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасында жазды.
Орыстардың шулауын жәй емес. Ақордадан мынадай ақпараттың шыққаны алаң етті - Тоқаев бұндай тапсырма берсе бірдеңені біліп отыр деген сөз.
Джо Байден Украинаға ATACMSтан атуға рұқсат берген соң Ресей де қарап қалмайтыны анық еді ғой. Алайда, ядролық оқтұмсықтарды тасуға арналған, 5000 шақырымға дейін ойланбай ұша беретін баллистикалық зымыран жіберу деген енді.
Зымыран жіберілген Астраханьдағы Капустин Яр полигоны мен Днепрдің арасы 800 шақырымнан астам. Демек, орташа қашықтыққа ұшатын зымыран жете алатын жер емес, бұл нағыз баллистикалық зымыран болса керек.
Президент Тоқаев жағдайды мұқият қадағалап отыр. Біздің әуелгі мақсатымыз айқын - тұрақтылық пен тыныштық, заң мен тәртіптің мүлтіксіз қызмет етуі.