Оның ұлы енді анасына қатысты өз шындығын айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Психикалық орталыққа жатқызылған оның, жағдайы күрт нашарлаған.
"Анамның жағдайы өте нашар. Іште былайша айтқанда өте көп дәрі беріп жатыр. Дәріні өте көп беріп жатыр дейді. Сіздерге көрсетемін деген оймен, камераны қаратқанмын.
Бірақ рұқсат бермей жатыр. Азып, қатты әбіржіп кеткен", - деді ол.
Естеріңізде болса, 41 жастағы Ләйло Қасымова – Байзақ ауданының тұрғыны. TikTok желісінде тікелей эфирлерге шығып, балағат сөздер қолданғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция мәліметінше, ескерту алғанына қарамастан әрекетін жалғастыра берген. Тіпті кәмелетке толмаған балаларын да балағаттаған.
Осыдан кейін жедел медициналық жәрдем бригадасы Ләйло Қасымованы тексеріп, ем қабылдау үшін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызды.
Полиция мен қамқоршылық органдары, басқа да құзырлы қызмет блогердің балаларының қандай жағдайда тұратынын тексерді. Қазір олар әкесімен бірге.