Caravan Logo

Жағармай бағасы тағы да қымбаттай түсті

Жағармай бағасы тағы да қымбаттай түсті

«ҚазМұнайГазда» да жанармай құны көтерілген. Мұнда 17 ақпаннан бастап АИ-92 бензинінің бір литрі 139 теңгеден 141 теңгеге дейін барды. Ал АИ-95 – 154 теңге.

«Газпромнефть Қазақстан» да АИ-92 бензинін 141 теңгеден сатуда, ал АИ-95 – 152 теңге.

АИ-92 бензині Sinoоil компаниясында, бұрынғысынша литріне 140 теңге, ал АИ-95 – 152 теңге. Сонымен қатар Helios те АИ-92 бензинін 140 теңгеден сатып жатыр. Ал АИ-95 – 151 теңге.

Бағаны өзгертпегендер қатарында Royal Petrol да бар: АИ-92 – 140 теңге, алайда АИ-95 – 155 теңге.