Жағажай волейболшылары «Гранд Слэм» жарысында үздік ондыққа енді


 Онда 1/8 финалда американдықтарға есе жіберіп, 9-орын алған Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко рейтингтік қоржынына 400 ұпай қосты. Дәрежелік бірінші раунда гректерден сүрінген Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов 41-орын мен рейтингтік 80 ұпайды қанағат тұтты.

Ал топтық кезеңде 3-орын алған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалованың жолын да 1/16 финалда американдықтар кесті. Соның нәтижесінде 17-орынға табан тіреп, 320 ұпайды өз қоржындарына салған олар бұл көрсеткішін биылғы маусымда осымен екінші рет қайталап отыр.