Онда ел намысын Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова және Инна Рахматулина мен Людмила Исаеваның жұптары қорғайды. Василий Кушталов жаттықтыратын ұлттық құрама үшін бұл қарашаның 12-28-і күндері Қытайдың Гуанчжоу қаласында болатын XVI Азия ойындарына дайындығын пысықтайтын алғашқы халықаралық турнир болмақ. Ол қазанның 2-сіне дейін созылады. Одан кейін қазақстандықтар Индонезияда қазанның 6-11-і күндері болатын Азиялық Белинтунг Оупен турына, 11-16-сы күндері Азиялық Бангка Оупен турына және қазанның 20-24-і күндері Қытайдың Санья қаласындағы Азия чемпионаты мен 26-31-і күндері осы қалада жалауы көтерілетін SWATCH FIVB Әлемдік турының Санья Оупен кезеңіне қатысады. Ал Азия ойындарына дайындық қарашаның 2-7-сі күндері Тайландтың Пхукет қаласындағы SWATCH FIVB Әлемдік турының Пхукет Оупен кезеңдік жарысымен аяқталмақ.