Онда әйелдер арасында ел намысын қорғаған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы дәрежелік 1-раундта жарыс қожайындарын 2:0 есебімен ұтқанымен, 2-раундта ресейліктерге дәл осындай есеппен есе жіберді. Соның нәтижесінде 33-орын алып, рейтингтік қорын 40 ұпайға ғана ұлғайта алды. Олар биыл осымен «Гранд Слэм» үш кезеңінде 2-дәрежелік сында сүрініп отыр.
22 шілдеге дейін созылатын бұл бәсекеде бүгін енді ерлер арасындағы сайыстар басталады. Онда ел намысын ұлттық құраманың 1-2 нөмірлі спортшылары қорғайды. Олар Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко, Алексей Кулешов пен Дмитрия Яковлев жұптары. «Гранд Слэм» турының Берлинде өткен соңғы кезеңінде Алексей мен Александр 9-шы, ал Алексей мен Дмитрий 33-орынды қанағат тұтқан болатын.