"Үлкен дулыға" әлемдік турының кезеңдеріне әлемдік рейтингтің қортындысы бойынша үздік 64 жұп қана қатысуда. Жүлде қоры 300 мың долларды құрайтын бұл дүбірлі доданың Мәскеудегі кезеңі маусымның 9-ы күні басталған болатын. Онда ел намысын Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко қорғады. Олар бүгін алғашқы ойынды норвегиялық спортшылармен өткізді. Әлемдік рейтингте 16-шы орында тұрған Скарлунд-Спиннагрден (Skarlund-Spinnangr) 2:1 (14:21, 21:19, 15:11) басым түскен қазақстандық спортшылар ертең АҚШ волейболшыларымен сынға түседі. Олардың бұл жолғы қарсыластары Рогерс Далхауссер (Rogers-Dalhausser) мен Женнингс Кеенан (Jennings-Keenan). Әлемдік рейтингте Рогерс 1-ші, ал Женнингс 17-ші сатыда тұр. Ал қазақстандық спортшылар мамырдың 31-і күнгі рейтингте 83-ші сатыда болды.