Жағажай волейболынан Өскеменде өткен ел чемпионатының 3-турында алматылық жігіттер жеңіске жетті


Ерлер мен әйелдер арасындағы бұл байрақты бәсекеге 30-дан астам командалар қатысты. Онда ерлер арасында 1-2 орынды Республикалық гвардияның ШВСМ-1 (Сергей Богату, Владислав Пустынников), ШВСМ-2 (Кирилл Гурин, Виктор Пестов) командалары өзара бөлісті. Ал алаң қожайындарының «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-1» командасы (Михаил Устипнов, Әсет Әбетаев) үздік үштікті түйіндеді. Әйелдер арасындағы додада тұғырдың үш сатысына да Ақтау қаласының «Каспий-1» (Бақтыгул Самалықова, Любовь Богату), «Каспий-2» (Анна Елеференко, Анастасия Тоқтарева), «Каспий-3»( Александра Варассова, Екатерина Ласюта) командалары ғана көтерілді. Бұған дейін екінші тур Алматыда, бірінші тур Ақтауда өткен болатын.