Онда Бақтыгүл Самаликова мен Марина Пилипенко 9-орын, Любовь Богату мен Оксана Пилипенко 29-орын алды. Ақтау қаласының «Каспий» волейбол клубының тәрбиеленушілері саналатын Батыгүл мен Марина іріктеу сынында Норвегия және Нидерландия спортшыларын ұтқан болатын. Негізгі сында Италия, Канада және Нидерландияның тағы бір жұбын қапы қалдырды. «Д» тобында екінші орын алып, жарыстың келесі кезеңіне өткен олар Әлем чемпионы атанған швейцариялық волейболшыларға есе жіберді.