Түркиядағы досына хабарласқан ол ондағы жағдайдың қиын екенін естігенін айтады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Жаңа ғана Түркиядағы бауырыммен сөйлестім. Жағдай біз ойлағаннан да қиын дейді. Құтқарушылар бармаған аудандар бар екен. Қаланың өзіне құтқарушылар жетіспей жатыр. Ресми қаза тапқандар төрт мыңға жуық дегенмен бұл сан бірнеше есеге өсетін секілді.
Тұрғын үйлерді салған біраз құрылыс компанияларының басшылары сотталатын сияқты. Салынған үйлер сапасыз болып шыққан деп халық та наразы екен.
Ерікті болып тіркеліп, жоқ дегенде тамақ тасуға көмектесіп жүрміз деген бауырым, артынан хабарласайық. Жүк көлігіне азық-түлік тиеп жіберейік деп асығыс қоштасты", - дейді ол.
Айта өтейік, Түркия билігі әзірге жер сілкінісінің құрбанына 3703 адам айналғанын хабарлап отыр. 22 286 адам жараланған.