Аталған мәселеге қатысты полиция ресми пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Қоғамдық қор өкілдерінің айтуынша, қыз бала бір топ ер адамдармен бірге отырған жерінде оны алдымен жасы үлкен ер адам зорлаған, кейін тағы бір жігіт арам ойын іске асырған.
«Жадғай өте ауыр. Осы оқиға бойынша анасы екі аптадан кейін ғана арыз жазған. Ал қыздың жақында әкесі қайтыс болған, сол себепті оның жаны жүдеу. Ер адамдар осыны пайдалануы мүмкін», - дейді ол.
Қазіргі таңда полиция аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.
«Күдікті анықталды әрі сұралды. Тергеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлайды облыстың полиция департаменті өкілдері.