“Жағдайымды жасай алмайды” - Диана Қырықбай қарапайым жігітпен кездеспейтінін айтты

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

“Тура осындай процедура жасап жатқан кезде видео түсіргім келіп тұр. Тең-теңімен, тезек қабымен. Көптеген жігіттер менің жекеме Диана біз қарапайым жігітпіз, сізбен кездескіміз келеді. Сізді еркелеткіміз келеді деп жатады.

Жігіттер мен айына осындай процедура жасатамын. Кемінде 3-4 рет. Бұның бағасы 40.000 теңге. Оның курсын жасау керексің төрт рет, енді санай беріңіздер. Мен осынша ақшаны өзіме әдемі болу үшін құямын. Және қарапайым жігітпен кездескім-ақ келеді.

Бірақ ол менің жағдайымды жасай алмайды. Сол үшін жігіттер әдемі қызбен кездескіңіз келсе, жақсы ақша табыңыздар немесе өзіңіз сияқты қарапайым қызбен кездесіңіздер”, -деп сөзін аяқтады.

Желі оқырмандары: "Сіздей расход көп кетіретін қызды алмас едім","Дұрыс әлі жетсе алсын","Тең-теңімен деген рас","Махаббат ештеңеге қарамайды","Бақытты болшы",- деп пікір қалдырды.