Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Бір қызығы оны жолда көрген тәртіп сақшылары, қасына барып амандасып жатқанын байқауға болады.
"Ой жағымпаздар-ай....Асанәлі Әшімовті риза қыламыз деп жағымпазданып жасаған шығар.бірақ бұл заңсыз ғой!",- деп автор жазба жариялады.
Желі оқырмандары: "Әртістік мамандығын ел үшін қанжығасына байламаған болар...Ел қамын мұң мұқтажын айтып митингке біз үшін шыққан шал кемпірлерден қай жері артық еді??? Елдің қамын айтып митингке шыққан шал кемпірлерді сүйреп көлікке лақтырып тиеді ғой осы полицейлер...Асанәлінің дипломымен әртістігіме артықшылығы?!",
"Керемет! Абыройлы, Елдің ақсақалына қалай құрмет етседе жарасады. Жарайсыңдар! Қауіпсіздік қызметкерлері", "Асанәлі көкемізге жарасады. Мінсін, жүрсін.
"Сыйдың да,қадірдің де шегі бар,өкіметтің заңы бар.Алдынан сонша көп полицейлер шықпай-ақ, түсіндіріп,нөмірді шешіп алып,жіберсе де болады.", - деп пікірлер жазды.
Сонымен қатар, Әшімовтің жұбайы "ASANALI" нөмірінің қайдан пайда болғанын түсіндіріп берді.
"Асанәлі Әшімовтің 85 жас мерейтойында осы нөмірді уақытша таққан еді. Оның өзінде сыртқа шыққан жоқ. Ал қала ішінде видеоға түсіп қалған сәтке тоқталсақ, бұл жаңадан түсіріліп жатқан фильмнің кадрлары екенін біліп жүріңіздер. Қазір Асанәлі Әшімов туралы фильм түсіріліп жатыр, ол үшін Қазақстанның барлық облысын аралап шыққан еді", - деді актердің жұбайы.