Zhaikmunai LP атауын Nostrum Oil & Gas LP деп өзгертті


Бұл шешім компанияның арнайы жалпы жиналысында 29-қараша күні қабылданды және күшіне енді.

"Атауының өзгертілуі көптеген активтерді басқарып отырған серіктестіктің мәртебесін және өндірістік активтерді кеңейту жөніндегі компанияның стратегиясын көрсетеді. Қазақстандағы серіктестіктің негізгі операциялық бөлімшесі бұрынғы атауын- "Zhaikmunai" ЖШС сақтап қалады", делінген хабарламада.