деп хабарлады мәдениет басқармасынан.
Труппаның жетекші әртістерінің орындауында Қасым Аманжоловтың «Досымның үйленуі» атты комедиялық қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ауыл балаларын, әсіресе, «Батыр көжек» атты ертегі ерекше әсерде қалдырды.
Ақсулық ауылдардың тұрғындарына берген шығармашылық сыйлық үшін әртістерге Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Ардақ Райымбеков алғысын білдіріп, оларға алғыс хаттар табыс етті.
«Аймауытовшылар» Ақсудағы гастрольдерін енді Е.Төлеубайдың пьесасы бойынша «Оян қазақ..., ойлан қазақ» спектаклімен жалғастырмақ.