Бұл туралы Caravan.kz порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Көрсетілген орын бойынша, бұл оқиға 5 қаңтар күні сағат 22.10-да "Самал-1" ықшамауданы 44, яғни Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының жанында болып жатқанын түсінуге болады.
Жазба кадрларынан бет-жүзін жасырып алған екі адамның жерге төселген жайнамазда намаз оқып жатқанын ал жандарында "дубинка" саймандарының жатқанын көруге болады. Сондай-ақ алыста тағы бір адам отыр.
Орталық мемлекеттік мұражай 5 қаңтардағы қайғылы оқиғалардың нағыз ортасында қалды. Қалың халық нөпірінен ашқан курсанттар мен полиция қызметкерлері мұражайға келіп жасырынып, мұнда оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жаралыларды қарақшылардың құрығынан құтқарып қалған. Дәл осы уақытта музей директорының орынбасары Бибігүл Дәндіғараева лаңкестермен келіссөз жүргізіп, олардың назарын жаралылар тығылып жатқан жертөледен басқа жаққа аударып, мұражай жәдігерлерін қиратпауға көндірген.
Орталық мемлекеттік мұражай қызметкерлерін мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев марапаттады. Ол өз өмірлерін қатерге тігіп, ұлттық мәдени-рухани мұраны қорғауға деген адалдығы, батылдығы мен дайындығы үшін музей қызметкерлеріне алғысын білдірді, сондай-ақ әскери оқу орындары курсанттарын құтқарып қалғандары үшін арнайы рахмет айтты.
Марапаттау рәсімінде Бибігүл Дандығараева өзінің тек азаматтық және кәсіби борышын өтегенін атап өтті.