Caravan Logo

Жайық өзенінде су деңгейі төмендей бастады

Жайық өзенінде су деңгейі төмендей бастады

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайықтағы су деңгейіне қатысты соңғы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша 29 мамыр, 08:00 сағаттағы мәлімет (28 мамыр сағат 8.00 салыстырғанда):

Индербор ауылы - 6 см, су деңгейі - 962 см, шекті деңгейі - 845 см;

Махамбет ауылы - 2 см, су деңгейі - 1018 см, шекті деңгейі - 850 см;

Атырау қаласы +0 см, су деңгейі - 600 см, шекті деңгейі - 550 см;

Жаңаталап ауылы -1 см, су деңгейі - 431 см, шекті деңгейі - 500 см;

Еркінқала ауылы -1 см су деңгейі - 388 см, шекті деңгейі - 450 см.