Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылында 25 сантиметрге көтерілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайбы.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 28 сәуір күні таңғы сағат 08.00-де Тайпақ гидробекетінде су деңгейі 606 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.

Жайықтағы су деңгейі Январцев гидробекетінде бір тәулікте 10 (854 см, қауіпті шегі – 1 250 см), Оралда 5 (846 см, 850 см), Көшімде 3 (849 см, 850 см) сантиметрге түсті.

Сондай-ақ Көшім каналында бірден 40 (780 см, 800 см), Елек өзені Шыңғырлауда 22 (683 см, 750 см) сантиметрге төмендеді.

Шаған өзені Чувашин тұсында 725 сантиметрді (-4, қауіпті шегі – 1 300 см) көрсетті.