Жак Рогге: ҚР 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер болуға мүмкіндігі бар


Менің ойымша, Қазақстанның мүмкіндігі мен ресурстары жеткілікті. Географиялық орналасу жағдайы да өте қолайлы. Сондай-ақ, көрнекті жеңімпаз спортшылары да бар», - деді Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Ж.Рогге Қазақстанға 7-қысқы Азия ойындарының өтуіне байланысты келген болатын. «Мен спорт нысандарын аралап көрдім. Барлық нысандар өте тамаша. Бұл сапарым өте сәтті деп ойлаймын. Жалпы, Олимпиада ойындарын өткізуге үміткерлер аз емес. Дегенмен, ұйымдастыру жұмысындағы барлық қиындықтарды еңсеруге Қазақстанның әлеуеті де, мүмкіндігі де жеткілікті», - деді Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті.