Агенттік жеке тұлғалардың берешегін өндіріп алушы коллекторлық компаниялардың өтеу ережелерін әзірлеген, оның ішінде қарызды толық кешіру де бар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы naryk.kz сайтына сілтеме жасап.
1 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болатын құжат түбі қабылданатын болса, қарыз алушы азамат несие төлеу мерзімін, оның ішінде өсімпұл мен айыппұлды өзгерте отырып, кейінге қалдыру және бөліп төлеу кезеңдерінен өтуі керек болады.
Ол кезде төлемді кейінге қалдыру немесе қарызды кешіру туралы өтінішті кімдер бере алады? Олар:
- АИТВ-инфекциясы салдарынан екі айдан астам мүгедек, III топтағы мүгедектер, туберкулезбен ауыратындар;
- жақын туыстары ауырған немесе қайтыс болған қарыз алушылар;
- апат, өрт, су тасқыны, үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендер;
- орташа айлық табысы 30% төмендеген ресми тіркелген жұмыссыздар;
- халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жатқызылған немесе отбасында осындай мәртебеге ие мүшесі бар жұмыссыздар.
Сонымен қатар, жаңа ереже жеке тұлғаларға қарызын өтеу үшін кепілге қойылған мүлікті өз бетінше сатуға немесе сатып алушыға борыштық міндеттемелерін бере отырып сатуға рұқсат етуді көздейді.
Сол секілді, өндіріп алынған мүлікті коллекторлық агенттікке беруге де рұқсат етілуі мүмкін.
Тағы да ескерте кетейін, «Ашық НҚА» порталындағы құжат жобасы 1 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.