Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Сүйінші, Қазақ елі! Аида қызым бүгін, Пекинде өткен дүние жүзі профессионал Моделдер конкурста 200 моделдің арасынан 2-орынды иеленді. Жасы 14, бойы 1,83 бұл нағыз феномин деп жұрттар жүрісінің мықты қадамына өзіне деген сенімділігіне әр бір дизайнердің жұмысын нақты мінездемесін беріп, ағылшын тілінде жюридің әр сұрағына іркілмей жауап беріп алдыға озып шықты. Аллаға мың шукір!
Қытай миллиардтаған халқы бар талантқа бай. Бірақ, намысты бермейтін ел. Өз кезінде Димашқада 2-орынды бергені есіңізде болар. Жолға аттанар алдында: “Анашым, Батаңызды беріңіз 18 жасыңызда Қытайда 3000 әншінің арасынан 1-орын “Алтын Айдаһар” алғасыз менде қалыспауға барымды саламын, неде болса үмітіңізді ақтап әйтеуір бір жүлдемін ораламын” деді.
Әрине балам өзіңе сенімді болсаң жеңіс сенікі болады. If you shine, you shine. No what you wear! You know what I mean) дедім. (Егер Сен жарқырасаң, Жарқырайсың! Не киіп тұрғаның маңызды емес! Не айтқанымды түсіндің деп ойлаймын дедім. Көзіңдегі отың сөнбесін! Осылайша әкесі екеуі жолға шықты.
Шукір! Рақмет жаратқан ием! Бұл оңай жол оңай еңбек емес, күніге 50,000 қадаммен келетін жеңіс! Аяғына 10-12 см туфлимен жалаңаяқ жүреді аяғы қажалған қан қан өкшені көргенде жылап жіберген кездерім аз болған жоқ. Балам-ау! қоя қоясыңба деген кездерде болды! Бірақ, қызымның табандылығы қайсарлығы мені таң қалдырды. Жаным балам, құтты болсын жеңісің қадамыңа гүл бітсін", - деп жазды ол.