Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысын бақылау үшін «жедел желі» құру қажет

Бұл туралы бүгін тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қадағалайтын қоғамдық кеңестің бірінші отырысында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева айтты.

«Заңдылықтың бұзылуы, құрылыс мерзімдерінің кешіктірілуі, пәтерлердің сапасының сын көтермейтіндігі сынды фактілерге жол бермеу қажет. Меніңше, біздің қоғамдық кеңесте «жедел желі» ұйымдастыру керек сияқты. Онда азаматтар хабарласып, кезекте тұрғандарға қатысты әділетсіз шешімдердің орын алуы, құрылыс мерзімінің кешіктірілуі, пәтердің сапасыздығы жайында ақпарат бере алар еді», - деді Д.Назарбаева.

Айта кетерлігі, алдағы бес жылда елімізде 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй, яғни 29 мың әлеуметтік жалға берілетін пәтер салу жоспарланған. Ағымдағы жылдың өзінде ғана 487 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салу көзделген. Мемлекет басшысының тапсырмасымен наурыз айында Астана, Алматы, Қостанай, Көкшетау, Семей қалаларында жалпы аумағы  76,5 мың шаршы метрді құрайтын  1357 пәтер пайдалануға беріледі.

 Қазақстанда тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қадағалайтын қоғамдық кеңес құрылды. Бүгін аталған кеңестің алғашқы отырысы ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтуде.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі бастамасымен құрылған қоғамдық кеңес енді аталған бағдарламаның орындалуы барысын қадағалайтын болады. Нақтырақ айтқанда кеңес  мүшелері тұрғындарға құрылыс қарқынын, бағдарламаға қатысуға тілек білдірушілердің тізімін, пәтерлердің әділ бөлінуін қадағалап, ұдайы хабарлап отыратын болады.

Қоғамдық кеңес мүшелері мыналар: ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева, ҚР Парламентінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, құрылыс компаниялары мен жеке инвесторлар, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының өкілдері, «Бәйтерек» ҰБХ басшылығы және оған тиесілі еншілес құрылымдар - «Қазақстан ипоетекалық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, сонымен қатар ҚР Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейітқазы Матаев кіреді. 

Айта кетерлігі, алдағы бес жылда елімізде 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй, яғни 29 мың әлеуметтік жалға берілетін пәтер салу жоспарланған. Ағымдағы жылдың өзінде ғана 487 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салу көзделген.


 Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының табысты болуы пәтерге мұқтаж жандардың баспаналы болуымен айқындалады. Бүгін «Бәйтерек» ҰБХ жанындағы қоғамдық кеңестің отырысында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева осылай мәлім етті.

«Астана мен Алматыда және тағы да бірқатар қалаларда басталатын бағдарламаның табыстылығы шаршы метрлермен немесе игерілген қаржы көлемімен емес, шын мәнінде пәтерге мұқтаж жандардың баспаналы болуымен айқындалады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйлерді салу пайызы қымбат несиелік займдарға шынайы балама болуы тиіс.

«Бәйтерек» холдингі аталған бағдарлама бойынша пәтерлерді салуда және сатуда, сонымен қатар үміткерлерді іріктеуге қатысты мәселелердің заңды әрі әділ болуына айрықша назар аударуы тиіс», - деді Д.Назарбаева.

Айта кетерлігі, алдағы бес жылда елімізде 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй, яғни 29 мың әлеуметтік жалға берілетін пәтер салу жоспарланған. Ағымдағы жылдың өзінде ғана 487 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салу көзделген.