Жалған дәрігерлер павлодарлық зейнеткердің Т1млн-нан аса ақшасын ұрлап кеткен

Инсульт алған әжей өздерін дәрігерлерміз деп таныстырған екі әйелді қылмыскер деп ойламаған. Ол қан қысымын өлшеуге рұқсат беріп, ақшаны жедел айырбастау керек деген әңгімеге сеніп қалған.

«Зейнеткер Т1 млн 100 мың ақшасын алып шыққан. Әйел банкноталардың номерлерін мұқият көшіріп алған. «Медициналық қызметкерлер» кеткенде, ақша жоқ болып шықты. Әңгіме барысында екінші әйел бір сылтаумен зейнеткердің ұлын басқа бөлмеге алып кеткен», - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.