«Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы мессенджерлер арқылы таратылған Қазақстанда жалғыз басты аналар үшін жәрдемақы енгізіледі, оны алу үшін құжаттарды 10-25 тамыз аралығында ХҚКО-ға тапсыруға болады деген ақпараттық шындыққа жанаспайтындығын хабарлайды. Мұндай хабарларды жіберу жалған ақпарат тарату болып табылатындығына және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жауапкершілікке тартылуға әкелетіндігіне назар аудартамыз», - делінген таратылған ақпаратта.
Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мәселен, 2005 жылдың 28 маусымындағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңға сәйкес баласы бар отбасыларға мынадай төлемдер беріледі:
бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы; бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы.
Жәрдемақылар мынадай мөлшерде белгіленеді:
бала туғанда берілетін жәрдемақы: бірінші балаға 5,76 (12217 теңге) айлық есептік көрсеткіш; екінші балаға 6,81 (14445) айлық есептік көрсеткіш; үшінші балаға 7,85 (16650) айлық есептік көрсеткіш; төртінші және одан кейінгі балаларға 8,90 (18877) айлық есептік көрсеткіш; балаларға арналған жәрдемақы әрбір балаға 1,05 айлық есептік көрсеткіш; мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы жалақының 1,05 ең төмен мөлшері.